Алматы облысында 11 сынып оқушысы мұғалімді соққыға жықты (видео)

0
158

Оқытушы жасөспірімге ескерту жасап, сабаққа баруын талап еткен.


Алматы облысында 11 сынып оқушысы мұғалімді соққыға жықты (видео)

Фото: Видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде мектеп қабырғасында оқушының мұғалімді ұрып-соққан бейнежазбасы тарады, деп жазады inform.kz.

Алматы облысының әкімдігі бұл дерекке қатысты түсініктеме берді.

Ресми жауапқа сәйкес, бейнежазбадағы оқиға 2026 жылғы 16 қаңтарда Шамалған ауылының Жаңа қазақ орта мектебінде болған. Сағат 09:00 шамасында мұғалім мен 11-сынып оқушысының арасында жанжал туындаған. Оқытушы жасөспірімге ескерту жасап, сабаққа баруын талап еткен.

Алайда оқушы ескертулерді агрессивті түрде қабылдап, педагогке қол жұмсаған.

- Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы қолданыстағы заңнама аясында анықталады, тергеу қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі. Мектеп әкімшілігі, білім бөлімі, сондай-ақ құзырлы органдар тарапынан қажетті профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, педагогтер балалардың өмірі мен денсаулығы үшін тек оқу-тәрбие процесі кезінде жауапты болады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында білім беру мәселелері бойынша өзгеріс енгізуді талқылау кезінде депутат Асхат Аймағамбетов мәлім етті.