Ол көбіне түскі уақытта ұрлыққа түседі екен
ERNUR.KZ. Алматы облысында 26 ұрлыққа қатысы бар күдікті әшкереленді Ол жәбірленушілерге жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам шығын келтірді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ескелді ауданының полицейлері облыс аумағында болған бірқатар ұрлыққа қатысы бар күдіктіні ұстады. Ескелді ауданы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Баймұхановтың айтуынша, Қарабұлақ кентінің 36 жастағы тұрғыны ұрлық жасауды кәсіпке айналдырған.
Полиция өкілдері тұрғынның Алматы облысы аумағында жасалған 26 ұрлыққа қатысы барын анықтады. Ол Қарабұлақ, Шымыр, Бақтыбай, Балпық би, Талдықорған және өзге де елдімекендерде ұрлық жасаған. Күдікті тек түскі уақытта ұрлыққа түседі екен. Дәлелденген эпизодтар бойынша, жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 15 миллион теңгеден асады.
Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ол негізінен алтын бұйымдар мен ұялы телефон ұрлаумен айналысқан.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.