Алматы облысында алғашқы қар жауды

0
446

Төтенше жағдай туындаған жағдайда жол қозғалысына қатысушылар тәулік бойы жұмыс істейтін "ҚазАвтоЖол" call-орталығына 1403 телефоны арқылы хабарласа алады.​


Алматы облысында алғашқы қар жауды

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Кеген - Нарынқол республикалық тасжолында алғашқы қар жауды. Бұл туралы жүргізушілерге "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі ескертті, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Бүгін, 10 қазанда "Кеген-Нарынқол" республикалық маңызы бар күре жол аумағында қар жауды.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жол қызметтері учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Қар тазалау жұмыстарына 3 бірлік арнайы техника мен 5 адам жұмылдырылды.
Қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ, жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда жол қозғалысына қатысушылар тәулік бойы жұмыс істейтін "ҚазАвтоЖол" call-орталығына 1403 телефоны арқылы хабарласа алады.