Алматы облысында баласы қарт әкесін сабап өлтірді

0
236

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.


Алматы облысында баласы қарт әкесін сабап өлтірді

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Алматы облысында жан түршігерлік қылмыс орын алды. Ауылдардың бірінде әке мен бала арасындағы жанжал қайғылы аяқталды, деп жазады zakon.kz.

Полиция департаментінің (ПД) 2024 жылғы 10 желтоқсандағы хабарламасына сәйкес, тәртіп сақшылары алған жарақатынан қайтыс болған әкесін, туған ұлы жарақаттады деген күдікпен ер адамды ұстады.

Тергеу басталғаны да айтылды.

"Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына жеткізілді", - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қосымша ақпарат жария етуге жатпайды.