Алматы облысында бастауыш сынып оқушыларына мерзімі өткен йогурт берілген

0
447

Ата-аналар орын алған жағдайды реттеуді талап етуде.


Алматы облысында бастауыш сынып оқушыларына мерзімі өткен йогурт берілген

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы облысында орналасқан мектептердің бірінің асханасында бастауыш сынып оқушыларына мерзімі өткен йогурттар берілгені туралы жазба пайда болды, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекет есебінен тегін тамақтандыруға жататын мектеп асханасында бастауыш сынып балаларына екі жыл бұрын жасалған йогурттар берілген. Қаптамада жарамдылық мерзімі 2021 жыл деп көрсетілген. Мерзімі өткен сүт өнімдері өте қауіпті және ауыр жарақат пен улануға әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай өнімді мектепке жеткізуге кім рұқсат берді, азық-түліктің мердігер өкілі мұндайға қалай жол берді? Біздің сұрағымызға жауап берілуін әрі орын алған жағдайды реттеуді талап етеміз", - делінген желідегі жазбада.

Алматы облысы Қарасай ауданының білім бөлімі осы ақпаратты анықтау үшін жедел жұмыс тобын ұйымдастырып, О.Жандосов атындағы орта мектептің асханасына тексеру жүргізуді бастаған.