Алматы облысында бірнеше елді мекенді жалғастыратын екі көпір қирады

0
80

Талғар мен Түрен өзендері арқылы өтетін көпірлер 2-3 жыл бұрын апатты деп танылған.


Алматы облысында бірнеше елді мекенді жалғастыратын екі көпір қирады

фото: Министерство индустрии и инфраструктурного развития

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Талғар және Түрген өзендері арқылы өтетін көпірлер қирады, деп жазады sputnik.kz.
Осыдан 2-3 жыл бұрын бұл көпірлер апатты деп танылған. Оны пайдалануға болмайтыны туралы сараптама да шыққан. Ал осы жолы селдің суы тіпті бүлдірген.
Бұл объектілерге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған.
"Талғар өзені арқылы өтетін көпір жобасының құны 1 413,178 млн теңге, іске асыру ұзақтығы-6 ай. Түрген өзені арқылы өтетін көпір 674,511 млн теңге, іске асыру ұзақтығы – 5 ай", - дейді Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі.
Биылғы жылға көпір құрылысын реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру көзделген:
Талғар өзені арқылы өтетін көпір 400 млн теңге;
Түрген өзені арқылы өтетін көпір 200 млн теңге.
25 маусымда конкурс жеңімпаздары анықталды. Қазіргі уақытта олармен шарт жасасу кезеңі жүзеге асырылуда, дейді әкімдік.

Мердігер ұйымдармен шарт жасалғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Ол биыл III тоқсанда жүзеге аспақ.