Алматы облысында браконьерлерден заңсыз мылтықтар тәркіленді

0
1 284

Жыл басынан бері қару-жарақтың заңсыз айналымынан 146 мылтық тәркіленді


Алматы облысында браконьерлерден заңсыз мылтықтар тәркіленді

ERNUR.KZ. Алматы облысының тәртіп сақшылары арнайы іс-шара барысында заңсыз аңшылықпен айналысқан үш азаматты анықтап, оларға әкімшілк хаттама толтырды. Олардан еш жерде тіркелмеген 2 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы және құжаты бар 1 мылтық тәркіленді, деп хабарлайды тengrinews.

"Қапшағай қаласы және Балқаш аудандық полициясымен бірлескен рейдтік шара барысында Балқаш ауданының 3 тұрғынына заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, саятшылық құрып, белсенді демалысты ұнататындарға еліміздің заңнамасын қатаң сақтау қажеттілігі түсіндірілді, профилактикалық жұмыстар жүргізілді", - деді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Бағлан Рымжанов.

Айта кетейік, жыл басынан бері қару-жарақтың заңсыз айналымынан 146 мылтық тәркіленді. Аталған қару-жарақ баллистикалық сараптамадан өткізілген соң, олар жою мақсатында балқытуға жіберіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама аясында облыс тұрғындарына кез-келген қару түрін полицейлерге өткізіп, арнайы сыйақы алу мүмкіндігі берілді. Осы мақсатта 8 миллион теңге қаржы бөлініп, жүз елуден аса қару сатып алынды.