Алматы облысында екі ауылдың халқы эвакуациялануы мүмкін

0
951

Әкімдік сондай-ақ Байкент, Қараой ауылдарында тұрғындардың үйлерін су баспағанын хабарлады.


Алматы облысында екі ауылдың халқы эвакуациялануы мүмкін

ERNUR.KZ Алматы облысының әкімдігі мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz.




Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылуынан Байкент пен Қараой ауылындағы үйлерді су баспаған.


"30 наурыз сағат 15:50–де Іле ауданы Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Жарылған бөгеттің ені — шамамен 4-5 метр. Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасымен ағып, ары қарай Амангелді 1 және Амангелді 2 тоғандарына құяды, онда барлық шлюздер ашық. Су транзиттік режиммен өте отырып, ары қарай Қаскелең өзеніне, одан соң Қапшағай су қоймасына құяды", - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік сондай-ақ Байкент, Қараой ауылдарында тұрғындардың үйлерін су баспағанын хабарлады.

"Бүкіл тұрғындарға эвакуациялау мүмкін екендігі хабарланды. Алайда, су басу немесе зардап шеккендер болған жоқ", - делінеді хабарламада.

Еске салайық, кеше Іле ауданы Байкент ауылдық округіндегі Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылған болатын.

Айта кетейік, 31 наурыз сағат 01:30-дан бастап Ащылысай көлінде су деңгейінің көтерілуі және Қараой ауылын су басу қаупіне байланысты "Байсерке-Междуречинск" тасжолының 23-42 шақырымы (Алматы қаласынан Чапаев ауылына дейін) жабылған.