1986 жылы туған Жүнісбаев Ғани Асқарұлы 18 қарашада жоғалып кеткен.
ERNUR.KZ. Алматы облысында із-түзсіз жоғалған ер адам бір айдан бері табылмай жатыр, деп жазады tengrinews.kz.
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында бөлісті.
1986 жылы туған Жүнісбаев Ғани Асқарұлы 18 қарашада жоғалып кеткен. Ол кешке қарай Тамғалы тасжолы аумағынан шаруашылық қожалығынан шығып, жоғалып кеткен.
Ер адамның бойы - 165-170 сантиметр, арықтау келген, қысқа шашты, көзі қоңыр.
Жоғалған ер адамның ағасы шаруашылық қожалығында басқарушы болып жұмыс істегенін айтты. Оның айтуынша, жоғалғанына бір апта өткеннен кейін ер адамды Алматыда Шолохов көшесіндегі бірінші вокзал мен базар маңында көрген.