Алматы облысында есірткіге мас күйде көлік ұрлаған азамат ұсталды

0
485

Алматы облысының полицейлері BMW автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінген 21 жастағы ер адамды ұстады.


Алматы облысында есірткіге мас күйде көлік ұрлаған азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында есірткіге мас күйде көлік ұрлаған азамат ұсталды, деп жазады baq.kz.

Алматы облысының полицейлері BMW автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінген 21 жастағы ер адамды ұстады. Ол ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін ЖКО қаупін бірнеше есе арттыратын есірткіге масаң күйде болған.

Жарияланған “Тосқауыл” жоспары барысында автокөлік ұрысы Алматы – Өскемен тас жолында ұсталды. Бағдарға сәйкес, Алматы қаласында белгісіз адам BMW автокөлігін айдап әкетіп, мегаполис шекарасынан шығып, ізін суытқан. Патрульдік полицейлер Қонаев қаласы бағытында үлкен жылдамдықпен қозғалып келе жатқан ұрланған шетелдік көлікті байқаған. Алматы облысының тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсіп, Алматы – Өскемен тас жолының 19 шақырымында оны тоқтауға мәжбүр еттіп, ұстады, – деп хабарлады Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Медициналық куәландыру ұсталған адамның есірткіге масаң күйде болғанын растады. Күдіктінің автокөлікті басқаруға құқық беретін қандай да бір құжаттары болмаған. Тәркіленген BMW арнайы тұраққа қойылып, күдікті жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізіллі. Автокөлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы жылы Алматы облысының полицейлері ұрланған 36 автокөлікті тауып, заңды иелеріне қайтарды. 16 дерек бойынша қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді, – деп толықтырды Бауыржан Әленов.