Өзбекстанның екі азаматы қол мен аяқтың екінші дәрежелі термиялық күйіктерімен Есік қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.
ERNUR.KZ. Алматы облысында тұрмыстық газ баллонының жарылуынан 2 адам зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz
18 қаңтар күні сағат 02:14-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында тұрмыстық газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына құтқарушылар дереу жеткен.
"Тандыр наубайханасы қоймасының аумағында көлемі 50 литр тұрмыстық газ баллонын пайдалану бойынша қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты тарсыл пайда болды. Кейіннен 10 шаршы метр аумақта өрт шығып, 96 шаршы метр аумақта шатыр мен қабырға құлағаны анықталды", делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Салдарынан Өзбекстанның екі азаматы қол мен аяқтың екінші дәрежелі термиялық күйіктерімен Есік қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.
"Өрт сағат 02:32-де оқшауланып, сағат 02:38-де жойылды. Шақырту орнында 5 қызметкер және 2 бірлік ТЖД техникасы, 2 қызметкер және 1 бірлік жедел медициналық жәрдем бригадасының техникасы жұмылдырылды", - деп атап өтті ведомство.