Ол 2500 АЕК (6 миллион теңгеден астам) кепілдікке салып, қамаудан босатылды.
ERNUR.KZ. Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі кепілдікпен босатылды деп жазады Stan.kz.
Нұрғали Аппазов бұрын қоғамдық белсенді Галина Арзамасоваға шабуыл жасағаны үшін ұсталған болатын.
Департаменттің хабарлауынша, 4 қазанда бұлтартпау шарасын Нұрғали Аппазовқа өзгерту туралы қаулы шығарылды. Ол 2500 АЕК (6 миллион теңгеден астам) кепілдікке салып, қамаудан босатылды.
Еске салайық, белсенді Галина Арзамасоваға 26 тамызда Алматы облысындағы Ключи кенті әкімдігінің жанында пневматикалық қарумен оқ атылған болатын. Әйел жамбас аймағынан жарақат алды.
Бірнеше күннен кейін полиция қылмыстық тергеу барысында Панфилов ауылдық округінің әкімі Нұрғали Аппазов пен оның жүргізушісін ұстады.
Облыс әкімдігі әріптесінің әрекетін айыптады. Шенеунік ұсталған күні жұмыстан шығарылды.