Алматы облысында Қытай зауытына қарақшылық шабуыл жасалды

0
773

Шабуыл жасаушылар қылмыс кезінде бет-бейнелерін жасырыпты.


Алматы облысында Қытай зауытына қарақшылық шабуыл жасалды

ERNUR.KZ. Алматы облысында шетелдік өндіріске қарақшылық шабуыл жасалды. Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 10 қазан күні Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында орын алды.
Осы күні белгісіз біреулер зауыт ғимаратына кіріп, есепшіні ұрып, 3,2 миллион теңгені ұрлап кеткен.
Шабуыл жасаушылар қылмыс кезінде бет-бейнелерін жасырыпты.
Полицияның мәліметінше, кәсіпорында есепші болып жұмыс істеген 37 жастағы ҚХР азаматы қылмыскерлердің қолынан зардап шеккен.
Оның айтуынша, шабуылдаушылар оны пышақпен қорқытқан көрінеді.
Ведомтсво зауыт шабуылына алты адам қатысы бар екенін жеткізді.
Күдіктілердің екеуі 1995-96 жылғылар, қалған төртеуі 2000 жылы туғандар екені анықталды.
Олар Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының тұрғындары болып шықты.
Тергеу барысында пышақ пен ақшаның бір бөлігі табылған.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.