Алматы облысында пәтер өртенді: бір адам зардап шекті

0
364

Құтқарушылар 5 адамды эвакуациялады.15 тұрғын өздігінен далаға шықты.


Алматы облысында пәтер өртенді: бір адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қаскелең қаласында бес қабатты үйден өрт шығып, бір адам зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.


Төтенше жағдайлар минситрлігінің хабарлауынша, бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер өртенген.


Құтқарушылар 5 адамды эвакуациялады.15 тұрғын өздігінен далаға шықты.
Өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Жалын 70 шаршы метр жерді шарпыған.
Салдарынан 1957 жылы туған әйел адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.