Алматы облысында сотталғандар арасында қақтығыс болды

0
493

Үш адам ауруханаға түсті.


Алматы облысында сотталғандар арасында қақтығыс болды

ERNUR.KZ. Алматы облысында сотталғандар арасында қақтығыс болып, салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

ҚАЖ мәліметінше, бұл оқиға 5 қазанда ЛА-155/14 қауіпсіздігі орташа мекемеде болған.

"Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сотталғандардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерінің одан әрі күшеюіне жол бермей, жаппай тәртіпсіздікті тоқтатты.
Сотталғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, олардың үшеуі Қапшағай қалалық ауруханасында дәрігерлердің бақылауымен стационарда жатыр, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қазір мекемедегі жағдай тұрақты,", - делінген хабарламада.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу мен қызметтік тексеріс жүріп жатқаны айтылады.