Аудан әкімінің орынбасары мейрамхана қонағымен сөзге келіп қалған.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімі орынбасарының мейрамханадағы төбелесі әлеуметтік желіні шулатты, деп хабарлайды ktk.kz.
Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Оқиға «Белые розы» мейрамханасында 25 желтоқсан күні, түнгі 00.30-да болған. Аудан әкімінің орынбасары мейрамхана қонағымен сөзге келіп қалған. Дау соңы төбелеске ұласқан. Қазіргі таңда лауазымды тұлғадан түсініктеме алынған. Алдағы уақытта оған қатысты тәртіптік жаза қолданылады», - дед ол «Facebook» парақшасында.
Сондай-ақ ол Жамбыл ауданы әкімінің төрағалығымен өткен отырыста жаңажылдық ұжымдық кештерді ұйымдастыруға тыйым салынған хаттаманың және «Белые розы» мейрамханасы әкімшілігінің Жамбыл ауданы әкімдігінің жаңажылдық кешін өткізбегені туралы түсініктемесі жазылған суреттерді де жариялады.