Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бір көліктегі жеті адам қаза тапты

0
75


Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бір көліктегі жеті адам қаза тапты

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға Алматы – Бішкек тасжолының 129-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Honda Odissei көлігінің жүргізушісі алдында кетіп бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлікте болған жеті адамның барлығы, оның ішінде жүргізуші де, алған жарақаттарынан көз жұмды", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.