Жер сілкінісінің ошағы Алматы облысының Сарқанд ауданы, Лепсі қаласының жанында орналасқан.
ERNUR.KZ. "ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық станцияларының желісі 2020 жылғы 17 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 07.52-де айтарлықтай сезілмеген жер сілкінісін тіркеді, деп жазады zakon.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 374 шақырым жерде, Алматы облысының Сарқанд ауданы, Лепсі қаласының жанында орналасқан.
"Зілзаланың энергетикалық класы 9,6.
Магнитудасы MPV 3.8.
Ошағының координаттары: 46,14 ° с.е. 79.19 ° ш.б.
Тереңдігі 5 шақырым.
Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ", - деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.