Алматы облысында жер сілкінісінен соң 44 нысанда жарықтар пайда болды

0
627

24 қаңтарда облыс аумағында тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар нысандарды тексеру нәтижесі бойынша 44 нысанда жарықтар табылды.


Алматы облысында жер сілкінісінен соң 44 нысанда жарықтар пайда болды

ERNUR.KZ. Алматы облысының аумағында жер сілкінісінен соң жарықтар пайда болған нысандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, комиссиялық аралау жүргізілді, деп жазады inform.kz.

Алматы облысының әкімдігі хабарлағандай, 24 қаңтарда облыс аумағында тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар нысандарды тексеру нәтижесі бойынша 44 нысанда жарықтар табылды. Атап айтқанда:

Ұйғыр ауданы бойынша - 11 нысан (денсаулық сақтау - 1, білім беру - 8, әлеуметтік нысандар - 2);

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша-14 нысан (білім беру - 7, денсаулық сақтау - 1, әлеуметтік нысандар - 6);

Талғар ауданы бойынша - 3 нысан (білім беру - 3);

Кеген ауданы бойынша - 4 нысан (денсаулық сақтау - 4);

Жамбыл ауданы бойынша – 2 нысан (білім беру - 2);

Райымбек ауданы бойынша - 3 нысан (білім беру - 2, әлеуметтік нысан - 1);

Іле ауданы бойынша – 3 нысан (денсаулық сақтау - 3);

Қарасай ауданы бойынша – 4 нысан (білім беру - 4).