Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылмады

0
412

Іздеу жұмыстарына 300-ге жуық адам жұмылдырылды.


Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылмады

ERNUR.KZ. Алматы облысы Күш ауылында жоғалған үш жасар қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен. Полицияға кешке қыздың анасы хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды. Жалпы қазіргі таңда 300-ге жуық адам жұмылдырылды.

«Полицияға Куш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын жеткізді. Бұл дерек бірден аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді. Арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі.