Алматы облысында жоғары лауазымды полицейге қастандық жасалды

0
364

Hyundai santa fe-ді басқарған адамдар екі полиция қызметкері бар қызметтік көлікке оқ атқан.


Алматы облысында жоғары лауазымды полицейге қастандық жасалды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Алматы облысында полицейлер облыстық департаменттің бірінші орынбасары полковник Ержан Оразбековтың өліміне қатысы бар адамдардың барлығын ұстағанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Полиция департаменті қылмыстық істі тергеу аясында үш ер адамның ұсталғанын атап өтті. Күдіктілерге "адам өлтіруге оқталу" бабы қолдана отырып айып тағылады.

Бұдан басқа, ұсталғандардың бірі қылмысты ұйымдастырғаны үшін күдікті деп танылды. Белгілі болғандай, бұрын ішкі істер органдарынан теріс себептермен босатылған полиция қызметкерінің бұл әрекетке қатысы бар болған.

"Бүгінде криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмысқа қатысы бар барлық күдіктілерді анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта олардың барлығы қамауға алынып, облыстық тергеу изоляторында жатыр", – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

26 маусымда сағат 12:00 шамасында Алматы-Өскемен автожолының 143-ші шақырымында адам өлтіруге оқталғаны нақтылануда.

Hyundai santa fe-ді басқарған адамдар екі полиция қызметкері бар қызметтік көлікке оқ атқан. Олардың бірі Департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ержан Оразбеков болды. Бірнеше тәулік ішінде қылмыстық іздестіру тергеушілері күдіктілердің бірін анықтап, ұстады.