Алматы облысында жолаушымен ерегісіп қалған жүргізуші оны әдейі басып өлтірді

0
438

Мас күйінде рөлге отырған егде жастағы жүргізуші жолаушыны басып кеткен соң, оқиға орнынан қашып кеткен.


Алматы облысында жолаушымен ерегісіп қалған жүргізуші оны әдейі басып өлтірді

ERNUR.KZ. Алматы облысында 61 жастағы көлік жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан адаммен жанжалдасып, ауыр қылмысқа барды. Ашуға мінген ер адам жолаушыны әдейі көлікпен басып өлтірді, деп жазады sputnik.kz.


61-летний пьяный водитель сбил пешехода насмерть


Жүргізушіден тәркіленіп, айып тұрағына қойылған көлік

Ресми мәліметке сәйкес, 19 мамыр күні Қаскелең қаласында Volkswagen Golf жүргізушісі жолаушымен ерегісіп қалған. Содан ашуға мініп, 50 жастағы ер адамды әдейі көлікпен басқан. Соққының қатты болғаны сонша, Volkswagen Golf-тың алдыңғы шынысының ортасы ойылып түскен. Жолаушы алған жарақатынан көз жұмып, ал көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті.

"Күдікті бірден ұсталды. Ол 61 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Рөлге мас күйінде отырған. Қазіргі кезде қамауға алынды" – дейді полицейлер.

Осы фактіге орай, Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-тармағы (адам өлтiру, басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, заңда мұндай қылмыс үшін 8 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.