Жалпы аумағы 1400 шаршы метр болатын құрылыс материалдары жиылған 43 контейнердің өртенгені белгілі болып отыр.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Түймебаев ауылындағы «Ащыбұлақ» құрылыс базарында өрт оқиғасы тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат.
"Тілсіз жау өрт сөндіру қызметіне 4 желтоқсан күні сағат 04:43 шамасында түскен. Жалпы аумағы 1400 шаршы метр болатын құрылыс материалдары жиылған 43 контейнердің өртенгені белгілі болып отыр. Өрттің өршуі 07:30 кезінде шектеліп, 08:38-ге қарай өшірілген. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ", дейді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«Өрт сөндіру жұмыстарына Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 26 адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылды. Одан бөлек, тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 6 адам мен екі арнайы өрт сөндіру техникасы атсалысты. Өрттің шығу себебін анықтау үшін Талдықорған қаласындағы өрт жағдайларын зерттеу лабораториясы жіберілді», - делінген хабарламада.