Алматы орталығында өрттен шыққан қою қара түтін тұрғындарды алаңдатты

0
147

Түтін әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесі маңынан шыққан.


Алматы орталығында өрттен шыққан қою қара түтін тұрғындарды алаңдатты

Фото: Tengrinews.kz

Алматы орталығында өрттен шыққан қою қара түтін қала тұрғындарын алаңдатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырман редакцияға әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесі маңынан шығып жатқан қою қара түтіннің суреті мен видеоларын жіберді.

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, таңғы сағат 07:36-да Желтоқсан көшесі, 185/1 мекенжайында трансформатордың қосалқы санциясы өртенген.

"Зардап шеккендер жоқ. Жергілікті жерде өртсөндірушілер нысанды токтан ажырату және өртті жою бойынша шаралар қабылдайды", - делінген хабарламада