Алматы «сары» аймақтан шықты

0
764

Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан қалаларын бағалау матрицасына өзгеріс енгізілді.


Алматы «сары» аймақтан шықты

ERNUR.KZ. «Қызыл» аймақта әлі төрт өңір қалып отыр, деп жазады baq.kz.

Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан қалаларын бағалау матрицасына өзгеріс енгізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 4 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, өңірлер бойынша жағдай төмендегідей.


«Қызыл» аймақта: Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары «Сары» аймақта: ШҚО, Атырау облысы, Нұр-Сұлтан қаласы.

Қалған қалалар мен өңірлер, соның ішінде жақында ғана «сары» аймақта болған Алматы – «жасыл» аймақта орналасқан.