Алматы соты журналистер Владимир мен Наргиз Северныйларға қатысты үкім шығарды

0
630

Владимир мен Наргиз Северный 20 сәуірде Алматыда ұсталған.


ERNUR.KZ. Алматыда журналист әрі ерлі-зайыптылар Владимир мен Наргиз Северныйларға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады stan.kz.

Әскери журналист Владимир Северный жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ал жары Наргиз Северная сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ үкім бес жылға кейінге шегерілді.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы журналистерді 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Владимир мен Наргиз Северный 20 сәуірде Алматыда ұсталған. Полиция Алматыдағы жеке компанияның басшысы жағымсыз материалдарды жарияламағаны үшін ақша бопсалағанын айтқан.

Журналистердің ақшаны беру кезінде қолға түскені туралы айтылған.

Владимир Северный осы уақыт бойы қамауда болды, ал Наргиз Северный үйқамақта отырған.

Айта кетейік, Владимир Северный – әскери тілші. Тұтқынға алынардан бір күн бұрын оның әйелі әлеуметтік желілерде Қорғаныс министрлігі журналистке әскердегі мәселелерді жазғаны үшін қарсы арандатушылықтар дайындап жатыр деген болжам қалдырған.