"Алматы-Ташкент" бағыты: қар құрсауынан 140 адам құтқарылды

0
1 024

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


ERNUR.KZ. "Алматы-Ташкент" жол учаскесі Жуалы ауданындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты болған төтенше жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында, деп жазады baq.kz.

Қазіргі таңда оған төтенше жағдайлар департаментінің 30-ға жуық қызметкері және 6 бірлік техника жұмылдырылған. Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.
26 автокөлік қар құрсауынан тазартылып, 140 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 8 бала. Олар жақын мандағы Айша бибі ауылындағы жылыту пунктеріне жеткізілді. Бүгінде 3 жылыту пункті жұмыс жасауда. Онда ыстық тамақ, медициналық көмек ұйымдастырылған. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмекке жүгінгендер болмады, - делінген хабарламада.
Шалғай ауылдардың бәрімен байланыс орнатылған. Құм төсеу, бақылау бойынша облыстық ТЖД, "Қазавтожол" мекемесі және жол патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда аталған бағыт бойынша "Арнайы желі" ашылып, жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды. Әзірге жүргізушілер мен тұрғындарды алыс жолға шықпауға кеңес береді.
Қатты жел мен боранның салдарынан Түркістан облысына және кері қарай Түркістан облысының шекарасындағы Нұрлыкент ауылы арқылы 534 шақырым Тараз қаласына және 593 шақырым жол жабық.
Сондай-ақ, Қаратау мен Жаңатас қалаларының арасындағы Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент облыстық маңызы бар жол жабық.