Алматы тауларында 50-ден аса нысан заңсыз салынған

0
561

Бұған дейін 2023 жылы құрылыс нысандарын жоспардан тыс 1074 тексеру барысында 1140 заңбұзушылық анықталған.


Алматы тауларында 50-ден аса нысан заңсыз салынған

ERNUR.KZ. Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы былтыр мегаполистің таулы жерлерінде заңсыз құрылыс салудың 54 дерегін анықтады, деп жазады tengrinews.kz.

"44 нысан бойынша сотқа талап арыздар берілді, 31 талап арыз бойынша оң шешім қабылданды, ал қалғандары қаралып жатыр", - делінген хабарламада.

Бұл ретте 31-ден 25 талап заңды күшіне енген, 6-дан апелляциялық сатыда сот талқылаулары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін 2023 жылы құрылыс нысандарын жоспардан тыс 1074 тексеру барысында 1140 заңбұзушылық анықталған.

"Басқарма объектілерді жоспардан тыс тексеруді алынған өтініштер негізінде "ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңның сақталуы тұрғысынан жүргізді.
Азаматтардың салынып жатқан объектілер бойынша толық және өзекті ақпарат алуы үшін басқарма 8-705-896-60-00 нөмірі бойынша анықтама желісін іске қосты", - делінген хабарламада.