Алматы тауларында байланысқа шықпай қалған үш турист құтқарылды

0
77

Молодежный шыңында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, туристер аман-есен төмен түсірілді.


Алматы тауларында байланысқа шықпай қалған үш турист құтқарылды

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Алматы қаласының Медеу ауданында Төтенше жағдайлар департаментінің Құтқару қызметі теңіз деңгейінен 4147 метр биіктікте орналасқан Молодежный шыңында үш туристі құтқарды, деп жазады inbusiness.kz.

Құтқарушыларға шыңға көтерілген туристердің байланысқа шықпай қалғаны туралы хабарлама түскен. Осыдан кейін іздестіру тобы дереу таулы аймаққа аттанды.

Іздестіру барысында туристер Молодежный шыңының маңынан табылып, құтқарушылар оларды қауіпсіз түрде төмен түсірді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмек те қажет болмады.

ТЖМ тауға шығар алдында бағытты алдын ала жоспарлап, ауа райы болжамын ескеруге, сондай-ақ байланыс құралдарын, жеткілікті ауыз су мен жылы киім алуға шақырады.