Алматы тауларында қар көшкіні қаупі әлі де сақталып отыр - ТЖД

0
3 768

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін жүру қаупі бар 55 учаске бар.


Алматы тауларында қар көшкіні қаупі әлі де сақталып отыр - ТЖД

ERNUR.KZ. Алматы тауларында қар көшкіні қаупі әлі де сақталады, деп ескерткен облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды абай болуға шақырды, деп жазады sputnik.kz.

Алматы облысының тауларында 18 желтоқсан мен 21 желтоқсан аралығында көшкін жүру қаупі сақталады.
- деп хабарлайды ведомство.
Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін жүру қаупі бар 55 учаске бар.