Алматы тауларында көшкін қаупі әлі де сақталып отыр

0
470

13-14 ақпан аралығында «Алматы қаласы–Космостанция» автожолындағы «Аюсай» бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ — Мыңжылқы бөгеті» автожолындағы «Эдельвейс» көшкін жинау ауданында автокөліктердің, халықтың және демалушылардың кіруін шектейтін блок бекеттер қойылды.

ERNUR.KZ. Қарқынды жауын-шашынның түсуіне байланысты «Қазгидромет» РМК-ның Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндері бойынша көшкін қаупі бары туралы ескерту жасады, деп жазады kaz.inform.kz.

13-14 ақпан аралығында «Алматы қаласы–Космостанция» автожолындағы «Аюсай» бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ — Мыңжылқы бөгеті» автожолындағы «Эдельвейс» көшкін жинау ауданында автокөліктердің, халықтың және демалушылардың кіруін шектейтін блок бекеттер қойылды.

«Алдағы күндері тауға шығудан бас тартуды және таулардың қарлы беткейлеріне шықпауды сұраймыз!» - делінген хабарламада.