Алматы тауларында көз жұмған жігіттің соңғы хаты жария болды

0
1 268

"Бәрі бақылауда", деп жазған ер адам.


Алматы тауларында көз жұмған жігіттің соңғы хаты жария болды

ERNUR.KZ. Тауда жоғалып кеткен 35 жастағы Ерман Байменовтың сүйіктісіне жолдаған соңғы хатында не деп жазғаны белгілі болды. Алматылық жігіт Титов шыңына бір өзі шығып,қараңғы түскенше қайтып үлгермеген.Ол ұялы телефоны өшіп қалмайынша, жағдайдың бәрін баяндап отырған, деп жазады nur.kz.

12 желтоқсан күні ер адам шыңға шығып, қараңғы болмайынша таудан түсіп үлгермей қалған. Келеңсіз оқиғаға тап болған Ерман өзінің сүйіктісіне хабарлама жолдап, оған шұғыл түрде құтқару тобына қоңырау шалуынайтқан.


"Ол "112-ні шақыр, мен Титов өзенінің төменгі жағындамын" деп жазып, артынан "Болды, келе жатыр" деп жауап қайтарған. Оны сағат 23:30 шамасында таудың басқа бетінен тауып алған. "Олар өзара айқайласуда. Бәрі бақылауда" деп жазған еді" , - деп Анар Лебаева оның соңғы хабарламаларын есіне алды.


Алайда, сағат таңғы төрт шамасында ер адамнан түскен хабарлама бойжеткенді қатты алаңдатқан. Ерман құтқарушылар өзін көргенімен, іздеуді тоқтатып тастағанын айтты.

Алматы тұрғыны ғашығына өзі тоқтаған жерді әлеуметтік желі арқылы жібергеннен кейін оның ұялы телефоны сөніп қалған.

Құтқару қызметі іздеудің тоқтатылғаны туралы ақпаратты толығымен жоққа шығарды. Мекеме өкілдері Ерманға жақындай түсу жайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты мүмкін болмағанын алға тартты. Сонымен қатар, жарлары көп таулы жерді өту қиынға соққан.

Сол себепті, ертесіне 13 желтоқсан күні іздеу аймағына тағы 13 құтқарушы жіберілді. Туристі Күмбелсу өзенінің қасынан тауып алған. Ол аса ауыр жағдайда болған. Өкінішке орай, таудан түскен бойда Ерман Байменов қайтыс болды.