Алматы тауларында турист құлап, басынан жарақат алды

0
86

Зардап шеккен азамат жеңіл дәрежедегі жабық бас-ми жарақатын алған.


Алматы тауларында турист құлап, басынан жарақат алды

Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Алматы маңындағы тауларда, Мәншүк Мәметова көлінің жанында ер адам қараңғыда төмен түсіп келе жатып, сүрініп құлап, басынан жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға орнына кезекші құтқарушылар тобы жіберілді. Зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді. Қарау барысында жеңіл дәрежедегі жабық бас-ми жарақаты анықталған. Жағдайы тұрақты, зардап шеккен адам есін біліп, өздігінен қозғала алады.

Тексерістен кейін құтқарушылар оны "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының автотұрағына дейін жеткізді, ал ер адам әрі қарайғы ауруханаға жатқызудан бас тартып, үйіне жіберілді.