Сондай-ақ, қазақстандық сейсмологтер Қытай аумағындағы жер сілкінісін тіркеді.
ERNUR.KZ. Алматыдан 377 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп жазады inform.kz.
Кезекші оператордың хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 16:12-де тіркелген. Эпиорталығы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 377 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.8. MPV магнитудасы – 4.0. Эпиорталық координаттары – 45.27° с.е. және 80.67° ш.б. Тереңдігі - 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Алматыдан бірнеше шақырым жерде сағат 7:40-та және 8:55-те жер сілкінісі болды.
Сондай-ақ, қазақстандық сейсмологтер Қытай аумағындағы жер сілкінісін тіркеді.