Оның орынбасары үш жылға сотталды.
ERNUR.KZ. Алматыда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметінің бұрынғы директоры сотталды. Алмалы аудандық сотының судьясы директордың қылмысқа қатысқан орынбасарына, фельдшерге және кәсіпкерлерге үкім шығарды, деп жазады Tengrinews.kz.
Алматы "Жедел жәрдем қызметінің" бұрынғы директоры Азамат Әменов алты жылға бас бостандығынан айырылды. Оның орынбасары үш жылға сотталды.
"Авангард-спецодежда Казахстан" ЖШС директоры мен коммерциялық директорға 54 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл параның, 2,7 миллион теңгенің жиырма еселенген мөлшері.
№3 станциясының аға фельдшері миллион теңге айыппұл төлеуі керек. Бұл парадан он есе көп.
"Қызмет директоры Әменов пен оның орынбасары Алмаутова "Авангард-спецодежда Казахстан" ЖШС директоры Саядова мен сол компанияның коммерциялық директоры Аксеновтен "Авангард-спецодежда Казахстан" ЖШС-мен 27 202 560 мың теңгеге 230 медициналық сөмкелер жинағын жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға көмектескені үшін 2,7 миллион теңге пара алды деп күдіктелді. Құрманғалиева екі фельдшерді жұмысқа орналастырғаны үшін Әменовке 100 мың теңге пара берді деген күдікке ілінді", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айырылады.