Алматыда 13 адам қаза тапқан өрт оқиғасы: әкімдік пікір білдірді

0
515

56 адам жақын маңдағы мектепккеуақытша орналастырылды.


Алматыда 13 адам қаза тапқан өрт оқиғасы: әкімдік пікір білдірді

ERNUR.KZ. Алматыда 13 адамның өмірін жалмаған өрт кезінде 59 адам эвакуацияланып, 3 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«30 қарашада сағат 08:40-тағы жағдай бойынша өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі сағат 08:40-қа дейін жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды.

«Зардап шеккендерге ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақүйлеріне орналастырылады.

Ақпарат жаңарып, толықтырылып отырады. Ресми дереккөздерге ғана сілтеме жасауды өтінеміз», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін таңертең сағат 05.30-да Әди Шәріпов көшеіндегі хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өрттен зардап шеккен екі адамның ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.