Алматыда 2026 жылдың аяғына дейін камералар өшірілді: көшелер тізімі

0
103

Осыған байланысты жұмыс жүргізу кезінде автокөлік жүргізушілеріне аталған учаскелердегі автобус жолақтарымен жүруге рұқсат береледі.


Алматыда 2026 жылдың аяғына дейін камералар өшірілді: көшелер тізімі

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Алматыда LRT желісінің құрылысы мен жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшедегі автобус жолағымен жүруге уақытша рұқсат берілді, деп жазады tengrinews.kz.

Жол инфрақұрылымын дамыту бөлімінің Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі сауалына берген жауабына сүйенсек, қалада 2026 жылдың аяғына дейін арнайы жолақтардағы ереже бұзу деректерін тіркейтін камералар мына учаскелерде өшірілген:

  • Момышұлы көшесінде - Мөңке би көшесіне дейін;
  • Төле би көшесінде - Момышұлы көшесінен Абылай хан даңғылына дейін.

Осыған байланысты жұмыс жүргізу кезінде автокөлік жүргізушілеріне аталған учаскелердегі автобус жолақтарымен жүруге рұқсат береледі.

Не болды?

Бұған дейін Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде автобус жолағына шыққаны үшін айыппұл келіп жатқанына шағымданған болатын. Жүргізушілердің түсіндіруі бойынша, бұл - Төле би көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты мәжбүрлі шара.

"Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автобус жолағында орналасқан камераны уақытша өшіруіңізді сұраймын. Бұл шара қауіпсіз қозғалыс пен кептелісті айналып өту үшін қажет", - делінген жарияланымда.

Алматылықтар аталған учаскедегі камераларды өшіруді өтінді.

LRT құрылысы қашан аяқталады және ол қай жерден өтеді?

Қала әкімшілігі бұған дейін ұзындығы 18,3 шақырым болатын алғашқы жеңіл көлік желісі бұрынғы трамвай бағыты бойынша өтетінін хабарлаған болатын. Ол Алатау ауданының индустриялық аймағын "Алматы-2" теміржол вокзалымен байланыстырады.

Бағыт Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелерімен, содан кейін Абылай хан даңғылы арқылы "Райымбек батыр" көлік-ауысып міну торабына дейін өтеді.

"Жобаланып жатқан LRT желісі - Дарабоз, 13-шағынаудан, Ғажайып, Нұркент, "Алатау сити" ТК, Алмалы шағынаудандарын қаланың орталық бөлігімен байланыстыратын, ұзындығы 18,3 шақырымды құрайтын екі жақты трасса. Желі негізінен Момышұлы, Төле би көшелері мен Абылай хан даңғылы бойындағы оқшауланған жол төсемі арқылы өтеді", - делінген Алматыдағы LRT желісінің бірінші кезегі құрылысын жария талқылауға арналған құжатта.

Желіде 34 жолаушылар платформасы қарастырылған: оның 12-сі аралдық типті, 22-сі шеткі типті. Табан ені 1435 миллиметр болады.

  • Төле би көшесінде 4 аралдық және 15 шеткі станция орналасады.
  • Момышұлы көшесінде 5 аралдық және 5 шеткі станция қарастырылған.
  • Абылай хан даңғылында 3 аралдық және 2 шеткі станция пайда болады.

Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың сәуірінен 2029 жылдың сәуіріне дейін жүргізу жоспарланған.