Ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Фото: Trade master group.
ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға 2 желтоқсанда Түрксіб ауданында болған. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшысы лифт басып қалған, деп жазады inbusiness.kz.
"Түрксіб ауданының Полиция басқармасы еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Адам өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.