Алматыда 222 жер телімі әлеуметтік қажеттілікке алынды

0
717

Қазіргі кезде Алматы қаласының жер көлемі 68,3 мың га.


Алматыда 222 жер телімі әлеуметтік қажеттілікке алынды

ERNUR.KZ. Алматыда 200-ден астам учаске мектептер, емханалар мен саябақтар үшін сатып алынды, деп жазады baq.kz.

Былтыр Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін 222 учаске сатып алды.

Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық; Бостандық ауданында жайлы мектеп салу, Қуаныш шағын ауданындағы №18 емхана; Абай-Тұрғыт Өзал даңғылын абаттандыру және көгалдандыру; Бостандық ауданындағы «Молодежный» саябағын салу; Алатау ауданы Мұхитдинов көшесіндегі балабақша; Әлмерек шағын ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша және т.б. жобалар бойынша сатып алу аяқталды.

2023 жылы қалада жер комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, 2818 өтініш қаралды, Алматы қаласы әкімдігінің 1478 жеке тұлғаға және 2448 заңды тұлғаға қатысты 516 оң қаулысы қабылданды.

Қазіргі кезде Алматы қаласының жер көлемі 68,3 мың га.