Алматыда 23 жастағы жігіт қаңтарда ұрлаған мылтықты қабырғаға қалап тастаған

0
956

Күдіктіге қатысты сот қамауға алу туралы шешімді таңдады.


Алматыда 23 жастағы жігіт қаңтарда ұрлаған мылтықты қабырғаға қалап тастаған

ERNUR.KZ. Алматы полициясы қаңтарда ұрланған мылтықты қабырғаға қалап тастаған ер адамды ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Жедел уәкілдер оның үйінен қабырғаға қаланған «FAIR» маркалы тегіс ұңғылы шолақ мылтықты тапты. Оны ол қаңтар айында қаладағы қару сататын дүкендердің бірінен ұрлап кеткен. Сонымен қатар, Ж. есімді азаматтың тек қару сататын дүкенді ғана емес, сондай-ақ, ұялы телефон сататын сауда орнын тонағаны анықталды», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдіктіге қатысты сот қамауға алу туралы шешімді таңдады.