Бокстардың бірі өртеніп, қызыл жалынның станцияның басқа бокстарына шарпу қаупі төнді.
фото: Пресс-служба МЧС Казахстана
ERNUR.KZ. Түнде Алматыда бір қабатты техникалық қызмет көрсету станциясынан өрт шықты, деп жазады sputnik.kz.
"4 жеңіл автокөлік тұрған бокстардың бірі жанып, станцияның басқа бокстарына өрттің таралу қаупі төнді", - деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндіру бөлімшелері бір мезгілде боксты сөндіруге және басқа бокстарды қорғауға жұмылдырылды, өрт 220 шаршы метр алаңға шарпыды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.