Алматыда ақша үшін балабақшадағы бүлдіршінді ұрламақ болған әйел ұсталды

0
1 148

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеген.


Алматыда ақша үшін балабақшадағы бүлдіршінді ұрламақ болған әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда балабақшадағы баланы ұрлап кетпек болған келіншек ұсталды. Ол сол мекемеде қызмет ететін тәрбиеші болып шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Полицияның мәлімдеуінше, әйел адам Алматы облысындағы Кеген ауданында тұтқындалған. 30 жастағы келіншекті Алматыға алып келді.

Анықталғандай, күдікті ұрлық бола жаздаған балабақшаның қызметкері болып шықты. Азаматша өзі ұрлап кетпек болған бес жасар бүлдіршіннің тобында тәрбиеші болып жұмыс істеген.
Полицейлердің хабарлауынша, қылмыс жасар уақытында күдікті әйел еңбек демалысында болған. Келіншектің заңсыз әрекетін болдырмаған өзге тәрбиеші оны уақытша алмастырған.
"Тұтқындалған әйел баланы қаржылық табыс үшін ұрламақ болғанын түсіндірді. Ол бүлдіршіннің ата-анасынан қаржылай төлем талап етуді жоспарлаған.
Жауап алынғаннан кейін Ж. есімді азаматша уақытша тергеу изоляторына тоғытылды" , - деді медеу аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция майоры Болат Тотыбаев.

Белгілі болғандай, баланы ұрлап кету кезінде келіншек барынша түрін көрсетпеуге тырысқан. Алайда, бұл жайт оған жазадан құтылуға көмектеспеді.

Айта кетейік, осы оқиғаға қатысты Алматыда балабақшадан баланы ұрламақ болған әйелдің видеоға түсіп қалғанын хабарлаған болатынбыз.