Алматыда алапат өрт болып жатыр

0
123

Өрт сөндірушілер жеткен соң екі учаскеде тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстары жүргізілді.


Алматыда алапат өрт болып жатыр

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Алатау ауданындағы Н. Данченко көшесінде орналасқан автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығы өртенді, деп жазады BAQ.KZ.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы дабыл 1 қыркүйек күні сағат 14:07-де түскен.

“ Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт өршіп кеткен. Өрт сөндірушілер өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Алғашқы бөлімшелердің жетуіне жолдағы көлік кептелісі кедергі келтірді , – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ғимараттан 4 газ баллоны, 2 оттегі баллоны, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету станциясынан 3 автокөлік эвакуацияланды.

Өрт сөндірушілер жеткен соң екі учаскеде тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта ғимараттың шатыры құлап жатыр. Оқиға орнында автопойыз жұмыс істеуде, су үздіксіз жеткізіліп жатыр.