Кеше кешкісін шаһарда қатты жел тұрып, артынша ақ ұлпа қар қылаулады. Мамыражай мамыр айындағы бұл құбылысты әлеуметтік желі қолданушылары түрлі бейнетаспаларда жарыса жариялап жатыр.
фото: 24.kz
Соңғы күндері қазақстандықтарды табиғаттың тосын мінезі қатты таң қалдыруда. Түнде Алматыда қар жауды деп хабарлайды 24 kz.
Кеше кешкісін шаһарда қатты жел тұрып, артынша ақ ұлпа қар қылаулады. Мамыражай мамыр айындағы бұл құбылысты әлеуметтік желі қолданушылары түрлі бейнетаспаларда жарыса жариялап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, әсіресе «Медеу» мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортты аймағы ақ ұлпаға оранған.