Алматыда аурухана дәрігерінің жұмыс бөлмесінде ұйыптап жатқаны түсірілген видео тарады

0
148

Желіде тараған видеода оқиғаның Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада болғаны айтылған.


Алматыда аурухана дәрігерінің жұмыс бөлмесінде ұйыптап жатқаны түсірілген видео тарады

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Алматыда аурухана дәрігерінің жұмыс бөлмесінде ұйыптап жатқаны түсірілген видео тарады, деп жазады stan.kz.

Желіде тараған видеода оқиғаның Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада болғаны айтылған. Видео авторы айтуынша, жедел жәрдеммен келген науқас дәрігерді күтіп отырса, дәрігер кабинетінде ұйыптап жатқан.

Аурухананың баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдіріп, видеодағы әйелдің дәрігер емес, медбике екенін атап өтті. Аурухананың мәліметінше, ол уақытта кезекші дәрігерлер жан сақтау бөліміне ауыстырылып жатқан басқа науқасқа шұғыл көмек көрсетіп жатқан.

“15 қараша күні әйел жедел жәрдем арқылы №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Онда оған толық тексеру жүргізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Артериялық қысымы тұрақтандырылғаннан кейін науқас үйіне жіберілді”, – дейді қалалық аурухана өкілдері.

Аурухананың баспасөз қызметі тексеріс нәтижесінде видеодағы медбикеге тәртіптік жаза қолданылғанын атап өтті.

“Мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу мақсатында медицина қызметкерлерімен медициналық көмектің сапасы, функционалдық міндеттерді тиісті деңгейде орындау, сондай-ақ этика мен медициналық деонтология мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді”, – делінген хабарламада.