АЭС атауы конкурсының жеңімпаздары авторлық сертификаттарға ие болады

0
89


АЭС атауы конкурсының жеңімпаздары авторлық сертификаттарға ие болады

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

ERNUR.KZ. Атом энергиясы жөніндегі агенттігі алғашқы атом электр станциясының атауын беру жөніндегі жалпыхалықтық конкурстың қорытындысын жариялады. Барлық түскен ұсыныстарды қарау нәтижесінде «Балқаш атом электр станциясы» атауы бекітілді, деп жазады inform.kz.

Бұл атау қатысушылар арасында ең танымал нұсқа болып, байқау талаптарына толық сәйкес келді. Конкурс комиссиясының мүшелері бұл нұсқаны бір ауыздан қолдады.

Сонымен қатар агенттік келесі атом нысандарының атауын таңдауда пайдаланылатын барлық ұсыныстардан бірыңғай база қалыптастырды.
Базаға мынадай креативті нұсқалар енгізілді: Болашақ, Жарық, Қуат, Үлкен, Мойынқұм, Ұлы дала, Тұран, Алаш, Тұмар, Жетісу, сондай-ақ тарихи тұлғалардың есімдеріне байланысты атаулар — Сәтбаев, Абай, Кенесары, Чокин (Шафик Чокинович) және басқалар.
«Балқаш» нұсқасын ұсынған 882 қатысушы бір ай ішінде eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы электронды автор сертификаттарын алатындығы атап өтіледі.
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Қазақстан азаматтарына бірінші АЭС атауын таңдауға белсенді қатысқандары және қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.