Алматыда автобус адамды соғып өлтірді (ВИДЕО)

0
605

Қылмыстық іс қозғалды.


Алматыда автобус адамды соғып өлтірді (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Алматыда автобус адамды соғып өлтірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Kozachkov offside Telegram-арнасының мәліметінше, қайғылы оқиға кеше Сейфуллин даңғылында болған.

«Маған @koza4kov_bot-қа жіберілген видеода жаяу жүргіншінің өзі көліктің астына түсіп кеткендей көрінді. Енді құқық қорғау органдары қандай шешім қабылдайтыны өте қызық - автобус жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма, әлде қылмыс құрамы болмағандықтан істі тоқтата ма?»- делінген видеоның астындағы жазбада.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданады. Істің мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады полиция.