Жол апаты 22 мамырда кешкі сағат 22:25-те Түрксіб ауданында болған.
ото: видодан скрин
ERNUR.KZ. Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік жол апатына ұшырады. Оқиғаның мән-жайын Полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
Жол апаты 22 мамырда кешкі сағат 22:25-те Түрксіб ауданында болған.
"Автобус жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен келе жатып, кері бұрылған кезде қарама-қарсы бағытта келе жатқан Audi көлігімен соқтығысқан. Соқтығысудың салдарынан Audi жүргізушісі мен оның үш жолаушысы түрлі жарақаттар алды", – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.