​Алматыда автобус жүргізушілері терминалды өшіріп, жолаушылардан қолма-қол төлем алған

0
1 064

Соңғы уақытта «АвтоТрансГаз» ЖШС қызмет көрсететін №16 бағыттағы автобустарда терминалдардың өшіп қалатынына шағымданушылар көбейген.


​Алматыда автобус жүргізушілері терминалды өшіріп, жолаушылардан қолма-қол төлем алған

ERNUR.KZ. Алматы билігі жолақысы электронды түрде төленетін терминалдарды өшіріп тастайтын тасымалдаушыларды маршруттан алып тастамақ, деп жазады ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы уақытта «АвтоТрансГаз» ЖШС қызмет көрсететін №16 бағыттағы автобустарда терминалдардың өшіп қалатынына шағымданушылар көбейген.

«Көлік холдингі» қызметкерлері жүргізген тексеру барысында аталған бағыт жүргізушілері терминалдарды өз беттерінше өшіріп тастап, жолаушылардан қолма-қол ақша алып отырған, ал «ОҢАЙ» сервис орталығына терминалдардың бұзылғандығы жөнінде ешқандай арыз түспеген.

Көлік холдингі бұл олқылық туралы «АвтоТрансГаз» ЖШС басшысы Бауыржан Кулишевке ескертті. «Егер тәртіп бұзушылық тағы да қайталанатын болса Алматы қаласының Мобилділік басқармасы бағыт бойынша қызмет көрсету келісімін бұзуға дейін тиісті шара қолданатын болады»,-делінген хабарламада.