Алматыда автобус жүргізушісіне жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

0
320

Оқиға куәгері жолаушының автобус жүргізушісін қорқытып жатқан сәтін түсіріп алған.


Алматыда автобус жүргізушісіне жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне агрессия көрсетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға куәгері жолаушының автобус жүргізушісін қорқытып жатқан сәтін түсіріп алған. Ер адам алдымен жүргізушіге балағат сөздер айтып айғайлайды, содан кейін кабинаны бөліп тұрған әйнекті ұрып сындырады.

Алматы полициясы бұл факт бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Құқық бұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылады. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деп хабарлады полиция.